Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық кәсіпкердің қоймасына ұрлыққа түскен күдіктілер анықталды

Теміртаулық кәсіпкердің қоймасына ұрлыққа түскен күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 қазан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленушінің құрылыс материалдарын сатумен айналысатын кәсіпкер екені белгілі болды. Ол құрылыс заттарын контейнерде сақтаған. Ол жерде күзетші және бейнебақылау камералары болмаған. Осыны пайдаланған қаскөйлер контейнерден жылытқыш желдеткішін, 15 қорап кафел, 20 қап құрғақ қоспаларын ұрлап кеткен.

Кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 722 мың теңгені құраған. Тәртіп сақшыларымен оқиға орнынан көліктің ізі алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. 1 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 және 41 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру