СҚО полицейлері көктайғақ алдында жол қауіпсіздігі туралы ескертеді
СҚО полицейлері көктайғақ алдында жол қауіпсіздігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маусымаралық кезең жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті уақыт. Солтүстікқазақстандық полицейлер ауа температурасы төмендеуі мүмкін екенін еске салып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол үстінде сақ болуға шақырады. Жолдарда мұздың қалыптасуы көліктің тежеуін қиындатады. Жаяу жүргіншілер автокөліктердің мұз пайда болып, қар жатқан кезде бірден тоқтай алмайтынын естен шығармауы керек. Жолдың екінші жағына өтер кезде, барлық жүргізушілердің сізге жол беріп жатқанына көз жеткізу қажет. Сондай-ақ полицейлер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелері жайлы айтып отыруды сұрайды.
– Қазіргі уақытта облыстағы автокөлік иелерінің басым көпшілігі қысқы дөңгелектерін салып алды. Алайда қысқы дөңгелектердің осал тұстары бар. Су жатқан асфальтта көлік тізгініе ие бола алмай қалуыңыз мүмкін. Сол үшін жылдамдықты мүмкіндігінше асырмай, қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн. Өміріңізге қауіп төндірмей, сақтық танытқан абзал, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов
Полицейлердің айтуынша, жуырда өңірде болған соңғы көктайғақ кезінде 17 жол-көлік оқиғасы орын алып, 30 адам зардап шеккен. Тәртіп сақшылары ауа райы құбылып, өзгерген кезде жылдамдықты төмендетуге және көлік құралдары арасындағы қашықтықты арттыруға кеңес береді.