Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері заңсыз балық аулағандарды әшкереледі

Алматы облысының полицейлері заңсыз балық аулағандарды әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

2022 жылғы 13 қарашада Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Балқаш-Алакөл облыстық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының жедел тобымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.

Оның барысында екі ер адам ұсталды. Олар екі резеңке қайықта қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарымен балық аулаған. Айта кету керек, аулау жыл бойы балық ұстауға тыйым салынған аймақта, Іле өзенінің 120 шақырымында жүргізілген.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелді.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшерң алдын ала есеппен 1 млн 791 мың 855 теңгені құрады. Тәртіп бұзушылардан процессуалдық шешім қабылданғанға дейін екі бірлік резеңке қайық, екі бірлік аспалы қайық қозғалтқышы және 300 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру