Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда бес жасар баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Көкшетауда бес жасар баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қарашада Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Астана қаласының 34 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Әйел өзінің туысы, облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны бала тәрбиесімен айналыспайтынын хабарлады. Өтініш берушінің айғақтарына сәйкес, осы отбасының кенже баласы жүдеген күйде екені тексеру барысында расталды.

Бала Ақмола облыстық балалар емханасына емдеуге жатқызылды.

Осы факті бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру