Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері мыңнан астам мас жүргізушіні ұстады

Жыл басынан СҚО полицейлері мыңнан астам мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық алу іс-шарасы басталды. Елді мекендердің көшелерінде, қала сыртындағы автожолдарда күшейтілген тексерулер жүргізіледі. Апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау – полицейлердің ерекше назарында. Көбінесе жолдың қарсы бөлігіне шығу, жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелері мен қиылыстардан өту ережелерін бұзу, жаяу жол бермеу – жол-көлік оқиғаларының себептері. Көлік құралын мас күйде басқару фактілері ерекше қауіп төндіреді.

– Солтүстік Қазақстан облысында климат өзгеше болғандықтан, мұнда жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау өте маңызды. Бұны жүргізушілер естерінен шығармауы тиіс. Қазіргі уақытта қараша айының басынан бері облыста 39 жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, 96 адам жарақат алды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден заңнама талаптарын сақтауды, жол үстінде сақ болуды сұраймыз, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан облыста 1041 мас жүргізуші ұсталды. Жол жүрісі қағидаларының 60 мыңнан астам түрлі бұзушылығы тіркелді. Ең өрескел бұзушылықтар: 9 мыңнан астамы жылдамдықты асыру, 3,5 мыңға жуығы қиылыстардан өту ережелерін бұзу, 700-ден астамы маневр жасау ережелерін бұзу бойынша, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 800-ге тарта бұзушылығы тіркелді. Жаяу жүргіншілер жол жүрісі қағидаларын 5,5 мыңнан астам рет бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру