Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудный полицейлері бойжеткеннің ауруханаға жетуіне көмектесті

Полиция қызметкерлері рудныйлық бойжеткеннің ауруханаға жетуіне көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz

Бойжеткен полиция қызметкерлері Олжас Батырханов пен Ерлан Урдабаевқа өзі ем алып жүрген күндізгі стационарға жетуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

– Мен аялдамада автобусты күтіп тұрдым. Далада қатты аяз болды. Біздің автобус жарты сағат сайын жүреді және өкінішке қарай, сол сәтте автобус кешігіп жатты. Мен тоңа бастадым. Өтіп бара жатқан көліктер тоқтамады. Суықтан және амалым жоқтықтан жылай бастадым, – дейді қыз.

Алайда содан кейін ол патрульдік көлікті көріп, көмек сұраған. Полицейлер қызды дереу ауруханаға жеткізді.

– Қол ұшын созған жанашыр әрі мейірімді адамдарға зор алғысымды білдіремін. Оларға қызметте табыс тілеймін. Отбасыларында бейбітшілік пен амандық болсын, – деп қыз әлеуметтік желіде алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру