Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны дүкеннен ақша мен азық-түлік ұрлаған

Ақмола тұрғыны дүкеннен ақша мен азық-түлік ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Заводская кентінің полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты.

29 қазанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына Заводская кентінің 50 жастағы тұрғыны 29 қазанға қараған түні белгісіз адам Заводская кентіндегі дүкеннің шынысын сындырып, дүкеннен 15 мың теңге сомасындағы қаражат пен азық-түлік ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 500 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ақсу кентінің уақытша жұмыс істемейтін 25 жастағы тұрғыны металл торды қысып ашып, терезені сындырып, дүкенге кіріп, ақшалай қаражат, алкоголь мен темекі өнімдерін, азық-түлікті ұрлап кеткен.

Қаскөй дүкендегі бейнебақылау камерасын байқап, оны сындырып, өзімен бірге бейнежазбалары бар қатты дискіні алып кеткен. Кейін құрылғыны жақын жерге лақтырып тастаған. Бейнебақылау камерасының жазбалары күдіктінің жеке басын анықтауға көмектесті.

Ұрланған алкоголь мен темекі өнімдерін қаскөй елордада сатып, түскен қаражатты өз қажетіне жұмсаған.

Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру