Алаяққа сенген Жаңаөзен тұрғыны ақшасынан қағылды
Мемлекеттік грант аламын деген Жаңаөзен тұрғыны ақшасынан қағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңаөзендік тұрғын мемлекеттік грант аламын деп алаяқтың құрығына түсіп қалды. Жәбірленуші полицияға арызданған. Айтуынша, алаяқтық іс-әрекетке барған азаматша одан 2,3 млн теңге көлемінде қаржы алған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен алаяқтың жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.