Түркістан облысында ер адам көршісіне пышақпен шабуылдаған
Түркістан облысында ер адам көршісіне пышақпен шабуылдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара полициясына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда жәбірленуші көше бойында жаяу келе жатқан кезінде белгісіз біреу тоқтатып, пышақпен қорқытып, қалтасындағы телефоны мен 60 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 260 мың теңге.
Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша тіркеді.
Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат тұрғын үйінен ұсталды. Ол бұрын сотты болған жәбірленушінің көршісі болып шықты.
Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде жымқырған ұялы телефон мен ақшаны алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.