Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер есірткі сақтаған 6 адамды анықтады

Қызылордада «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі сақтаған алты адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала көлемінде өтіп жатқан «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі затын сақтаған қала аумағында алты тұрғын ұсталды. 

Мәселен, 43 жастағы күдікті азаматты тексеру барысында оның сыртқы киімінің оң жақ қалтасынан қағазға оралған жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат алынды. Сараптама қорытындысы марихуана есірткі заты екендігін бекіткен.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру