Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында электр құралдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында электр құралдарын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қарашада Аршалы АПБ полиция бөліміне Астана қаласының 52 жастағы тұрғынынан ұрлық жасалғаны туралы арыз келіп түсті. Әйелдің айтуынша, 8 қазан мен 2 қараша аралығында Жалтыркөл ауылындағы құрылыс учаскесіндегі контейнерден белгісіз адамдар электр құралдарын ұрлап әкеткенін хабарлады. Ұрылардың олжасы әртүрлі маркалы бұрағыштар, егеу, дискілер, кескіш, тескіш және т.б. болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жақын маңдағы елді мекендердің бірінің 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ұрланғандардың бәрі тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру