Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталған азаматтар азаптауды сахналағаны үшін 3,5 жыл мерзім қосып алды

Қарағанды облысында сотталған азаматтар азаптауды сахналағаны үшін 3,5 жыл мерзім қосып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың соңында БАҚ-та Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде азаптау туралы бейнежазба тарады. Тексеру барысында құқық қорғау органдары бейнежазбаны сотталғандар түсіргенін анықтады.

Шахтинск қалалық соты сотталғандарды азаптауды видеоға түсіргендерге қатысты қылмыстық істі қарады. Сот тергеуі барысында сотталғандар мекемедегі жедел жағдайды тұрақсыздандыру үшін азаптау туралы бейнежазбаны түсіргені анықталды. Осылайша олар белгіленген тәртіп режимін жеңілдетуге қол жеткізгілері келген.

Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін сотталғандар жалған ақпарат пен шындыққа ұласпайтын бейнежазбаны мекеменің сыртына таратты. Нәтижесінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында №30 мекеменің бірқатар сотталғандары зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жарияланымдар пайда болды.

Сотталғандардың іс-әрекеттері жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде әшкереленді. Мекеме әкімшілігі бұл фактіні ҚР ҚК 428-бабының 3-бөлігі бойынша «Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау» АЕАК-те тіркеді. Кейіннен осы іс бойынша материалдар Шахтинск полиция бөліміне жолданды.

Қаралған қылмыстық іс шеңберінде Шахтинск қалалық соты ұсынылған бап бойынша сотталғандарды кінәлі деп тану туралы үкім шығарды. Сот әр қатысушыға 3,5 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы қаулы шығарды. Үкім жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң заңды күшіне енеді.

Жауап қалдыру