Елорда колониясында тыйым салынған заттарды лақтыру фактісі тіркелді
Елорда колониясында тыйым салынған заттарды лақтыру фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 желтоқсанда №2 мекемесінің кезекші бөлімшесіне белгісіз тұлғалардың негізгі қоршаудан қара түсті полиэтилен пакетке оралған үш зат лақтырғаны туралы дабыл түскен. Оқиға орнына әскери қызметкешілер және кезекші наряд барған, бірақ құқықтық тәртіпті бұзғандар оқиға орнынан қашып кеткен.
Аршалы ауданының ПБ жедел-тергеу тобы келгеннен кейін оқиға орнынан көк түсті телефон, SIM-карта, төрт USB құрылғысы, телефонға арналған үш құлаққап, телефонға арналған ақ түсті қуаттау құрылғысы тәркіленген. Осы дерек Аршалы ауданының полициясында тіркелді.
№2 мекемесінің бастығы Нұрлан Беков атап өткендей, аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.