Қызылордалықтар өздерінің учаскелік полицейлері туралы деректерді қалай біле алады?
Қызылорда облысы тұрғындарының тыныштығы мен тәртібін 262 учаскелік полиция инспекторы және олардың 63 көмекшісі қадағалайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғындар тыныштығын күзеткен учаскелік инспекторлар – әмбебап мамандар. Жұмыстары шаш етектен. Күнделікті көршілердің айқай-шуынан бастап, қоқыс пен темекі тұқылын тастау сынды құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, олардың алдын алуда. Таң атқаннан кеш батқанға дейін қайнаған тіршіліктің ортасында жүрген учаскелік полиция инспекторлары қызметінің көзге көрінбейтін ауыртпалығы көп, жауапкершілігі мол. Азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон, қоршаған ортаны қорғау, кәмелетке толмаған жеткіншектердің ата-анасының рұқсатынсыз түнгі уақытта жүруі секілді мәселелерді шешу жүктелген.
Жауапкершілік үлкен, себебі учаскелік полицейдің жұмысының нәтижесі бойынша жалпы ішкі істер органдарына баға берілетіні белгілі. Учаскелік инспекторлар – халық пен полицияны байланыстырушы буын. Бүгінде өңірде халықтың тыныштығы мен тәртібін 262 учаскелік полиция иснпекторлары және олардың 63 көмекшісі қадағалайды. Олар күнделікті өздеріне тиесілі әкімшілік аймақтарын аралап, жалға берілетін пәтерлерді анықтап, азаматтығы жоқ адамдарды тұрақты немесе уақытша тіркелген мекенжайы бойынша тексеріп, азаматтық қару иелерінің қару-жарақты сақтау талабының орындалуын тексереді. Учаскелік инспектордың бұдан өзге де толып жатқан міндеті бар. Тұрғындардың арыз-шағымдарын қарайды, туындаған мәселелерді құқықтық заңға бағындырады.
Тұрғындардың тыныштығын күзеткен учаскелік полиция инспекторлары азаматтар үшін танымал, қолжетімді, беделді. 24 сағат байланыста болатын олар үшін ең бастысы халық тыныштығы мен қауіпсіздігі. Халықпен ашық диалог жүргізетін олар қай кезде болсын көмек қажет кезде тұрғындардың жанынан табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен, сервистік модельді масштабтау және «жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыруда құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы негізгі буын ретінде учаскелік полиция инспекторлары қызметіне беріледі. Олар халықпен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Әр аймақ өз учаскелік полиция инспекторын жақсы таниды. Бұл да қазіргі полицияның халыққа жақын екенін көрсетеді.
Визиткадан бөлек, учаскелік инспектордың фотосы, аты-жөні жазылған ақпарат парақшасының әр үйге таратылатынына тұрғындар куә. Бұдан бөлек, Қызылорда облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082749573094 , https://www.instagram.com/kzo_pd/?hl=ru ) тұрғындардың тыныштығын күзеткен учаскелік полиция инспекторлары туралы ақпарат орналастырылған. Өңір тұрғындары бұл бастаманы оң бағалап, учаскелік инспекторлардың жұмысына белсенді көмек көрсетіп келеді.