Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының Полиция департаментінде дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының Полиция департаментінде Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің тарихы туралы» дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға ҚР ІІМ құрметті ардагері Есалы Нұржанов, профессор, Қазақстанның құрметті азаматы Сейдулла Садықов, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, ІІО-ның ардагері Бақытжан Бейсембаев, ІІО-ның ардагері Бауыржан Исаев, Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шамшат қатысты.

Полиция департаментінің жеке құрамы арасында тәуелсіздікке және елдің мемлекеттік институттарының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тұлғаларға арналған хроникалық-деректі фильм көрсетілді. Оған қоса шараға қатысушылар Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық мерекенің тарихи маңызын талқылады.

Еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері, еліміздің әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз етуге тәуелсіздік алған жылдары бағытталған экономикалық және саяси реформалар көптеп жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Ал алдыңғы буын ағалардың тағылымы мол, тарихтан сыр шерткен әңгімесіне қаныққан жеке құрам өз ризашылықтарын білдірді. Оған қоса тәуелсіз елдің тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, берген анттарына адал болып, мінсіз қызмет ете беретіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру