Ақтөбеде үш жігіт жалға алған ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген
Ақтөбеде үш жігіт жалға алған ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ақтөбелік кәсіпкер өтініш білдіріп, 11 желтоқсанда сағат 20.00 шамасында белгісіз адамдар ойын приставкаларын жалға алып, қайтармағанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 27, 21, 20 жастағы үш жігітті ұстады. Олар өз істерін мойындады. Жауап алу барысында ойын приставкалары ломбардқа тапсырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Ақтөбе облысының Полиция департаменті сақтандыру ретінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе ақша сомасын кепілге алуды ұсынады. Сондай-ақ клиент арасында тараптардың мерзімдері мен міндеттемелері жазылған шарт жасау қажет екенін де еске салады.