Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресей азаматы Ақмола полицейлеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

Ресей азаматы Ақмола полицейлеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресей Федерациясының Свердлов облысының тұрғыны Маргарита Селиванова Степногорск қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы Альфараби Досумбековке борышкерді іздеуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Бұған дейін оның Степногорск қаласында тұратын туысы қайтыс болған екен. Ол қайтыс болғаннан кейін әйел тірі кезінде көршісіне келісімшарт жасай отырып, қарызға 2 млн теңге сомасында ақша бергені белгілі болды. Әйел қайтыс болғаннан кейін, мәміле куәгерлері бұл туралы туыстарына хабарлаған. Осы уақытқа дейін борышкер тұрғылықты жерін өзгерткен. Оның тұрғылықты мекенжайын анықтау үшін ресейлік әйел учаскелік полиция инспекторына жүгінді. Ол қарыз алушының қайда тұратынын жедел анықтап берген.

Нәтижесінде Маргарита Селиванова қысқа мерзімде өз қаражатын қайтарып алды. Әйел учаскелік инспекторға кәсібилігі, басқалардың проблемаларына бей-жай қарамағаны, қайырымды қарым-қатынасы мен жауаптылығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру