Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 3 күннің ішінде «102» арнасына 600-ге жуық қоңырау түсті

Петропавлда 3 күннің ішінде «102» арнасына 600-ге жуық қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер мерекелік үш күнді қызмет атқарудың күшейтілген режимінде өткізді. Патрульдік полиция батальонының экипаждары аса қауіпті жол учаскелерін, адамдар көп жиналатын орындарды бақылауда ұстады, тұрғындардың шақыртуларына барып, қажетті шаралар қабылдады.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының «102» арнасына 3 күннің ішінде 600-ге жуық қоңырау түсті. Көпшілігі анықтама сипатында болды. Жедел тексеруді қажет ететін 18 хабарлама тексерілді. Оның 8-і ұрлық болса, 7 факті дене жарақатын келтіру болды. Одан бөлек, отбасылық жанжалға байланысты 10 қоңырау түссе, түнде тыныштықты бұзудың 2 фактісі тіркелді.

Облыс орталығындағы жол қауіпсіздігі құқықтық тәртіп сақшыларының ерекше назарында болды. 3 күннің ішінде жолдағы оқиғаларға байланысты 19 шақырту тіркелді. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болған жоқ.

– Барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол-жүрісі ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол көктайғақ болуы мүмкін. Әсіресе, қала сыртындағы жолдар, жануарлардан абай болған жөн. Бұл ретте, 17 мен 18 желтоқсан күндері Қызылжар және Тайынша аудандарында бос жүрген жылқыларды соғып кетудің екі фактісі тіркелді. Жылқының біреуі сол жерде мерт болды, адамдар зардап шеккен жоқ, көлікке зақым келді. Бос жібергені үшін екі жылқының иелеріне қатысты әкімшілік материал жинақталды, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру