Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлікті масаң күйде басқарудың 8 дерегі анықталды

Қызылордалық полицейлер “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы кезінде 2342 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.  

Өткізілген іс-шара кезінде 40 қылмыс ашылды, 2342 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтың 146 дерегі, 276 ұсақ бұзақылық тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 258 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлікті масаң күйде басқарудың 8 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу – 160, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүрудің 166 дерегі орын алды. 10 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді.   

Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру