Көлік полицейі дзюдодан бірінші орын иеленді
Көлік полицейі дзюдодан бірінші орын иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дзюдодан II ашық турнир өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
Бұл спорттық жарыстың мақсаты – дзюдоны насихаттау және дамыту, спорт шеберлігінің деңгейін арттыру және өңірлер арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Ережеге сәйкес, спортшылар жеті салмақ дәрежесінде күресті.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің аға жедел уәкілі Мақсұт Қуанов 40 және одан жоғары жас тобында +100 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
М. Қуанов ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Мақсұт өзінің тікелей қызметтік міндеттерін орындаумен қатар, әрдайым спортпен шұғылдануға да уақыт табады. Көптеген жыл бойы жаттығуы зая кеткен жоқ. Ол қоян-қолтық жекпе-жектен, қазақша күрес және самбодан спорт шебері, бірнеше спорттық турнирлердің жеңімпазы.
Бұған қоса, ол 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.