Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында пиротехникалық заттарды заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды

Павлодар облысында пиротехникалық заттарды заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өңір полициясының қызметкерлері ТЖ өкілдерімен бірлесіп контрафактілік пиротехникалық өнімнің заңсыз сатылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Пиротехниканы сату үшін лицензия болуы керек. Тағы бір рейд сатушылар кейде осы немесе басқа өнімді қалай пайдалану керектігін түсіндіре алмайтындығын көрсетті.

– Мысалы, 20 желтоқсанда Instagram әлеуметтік желілерінде мониторинг жүргізу кезінде ел заңнамасымен еркін саудаға тыйым салынған пиротехникалық бұйымдарды тарату және сату бойынша аккаунт анықталды. Тексеру барысында Екібастұз қаласының полициясы 43 жастағы ер адамды анықтады. Ол оны гаражда сатып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамаған. 20 дана пиротехникалық бұйым комиссиялық тәртіппен жою үшін тәркіленді. Ал кәсіпкер сатушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Полиция пиротехникалық өнімдерді сату нүктелерін тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар 2022 жылғы 25 желтоқсаннан басталып, 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін жалғасатынын нақтылады.

– Жыл сайын, дәл Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық өнімдермен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде жазатайым оқиғалар болады. Зардап шеккендердің үлкен пайызы балалар мен жасөспірімдерге тиесілі, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша еркін саудаға тыйым салынған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сату – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру