Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да «Борышкер» ЖААІШ аясында 56 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

“Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері 56 млн теңгеден астам қаражат өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында БҚО-да 2022 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында орындаудың бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған «Борышкер» алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері БҚО бойынша жеке сот орындаушыларымен бірлесіп әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы қаулыларды орындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары қатарынан арнайы мобильді топтар құрылды. Әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар азаматтарды төлем туралы хабарламалар тапсыра отырып, төлемейтіндердің тұрғылықты жеріне барады. Сонымен қатар, борышкерлермен айыппұл төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өз айыппұлдарын уақытылы төлемейтін қасақана төлеушілерге көлік құралдарын мамандандырылған тұраққа орналастыру бойынша шаралар қабылданады. «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің 20 күнінде полиция қызметкерлері 56 млн 443 мың 921 теңге сомасына 3 961 әкімшілік айыппұл өндіріп алды. Бұл салынған айыппұл сомасының 11%-ын құрады. Мамандандырылған тұраққа 3 млн 965 мың 969 теңге көлемінде айыппұлы бар 102 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру