Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері жоғалып кеткен ер адамдарды тапты

Қостанай облысының полицейлері далада жоғалып кеткен ер адамдарды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қамысты полицейлері далада адасып қалған екі адамды тапты. 21 желтоқсан күні сағат 17:20 шамасында Қамысты ауданының “102” пультіне ер адамнан қоңырау келіп түсті. Ол жолдасымен бірге далада адасып қалғанын хабарлады. Содан кейін телефонның қуаты таусылып, байланыс үзілді. Белгілі болғандай, 38 және 49 жастағы Жітіқара қаласының екі тұрғыны Қамысты ауданы Үркаш ауылынан Жітіқараға қарай жаяу жүріп, адасып кеткен.

Оларда жол жиегімен жүріп, көлік кездесер деген үміт болған. Алайда ол ойлары жүзеге аспағасын, жолды қысқарту үшін далалы жермен жүруге шешім қабылдаған. Жоғалған адамдарды іздеуге аудандық полицияның жеке құрамы мен ТЖ қызметкерлері жұмылдырылды. Іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер Үркаш ауылынан 30 шақырым жерде тонып қалған ер адамдарды тапты.

– Жоғалған адамдар 22 желтоқсанда Бөлек көлінің жанында сағат 01-00 шамасында табылды. Олар қатты тонып қалған. Біз оларға алғашқы көмек көрсеттік. Оларды полиция бөліміне жеткізіп, жылытып, тамақтандырды, – деді Қамысты ауданы ПБ бастығы Ерлан Мусин.

Полиция жоғалған адамдардың уақытында табылғанын, сондықтан ауыр зардаптан аман қалғанын атап өтті. Дәрігерлер олардың денесінен үсік белгілерін тапқан жоқ. Николай Ляликов пен Вадим Мамадалиев іздеуге қатысқан мамандардың барлығына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру