Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер көлігін қасақана соққан жүргізушіні жауапқа тартты

Қостанайлық полицейлер көлігін қасақана соққан жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері айыппұл хабарламаларын беру үшін ВАЗ автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты.

Жол ережесін бұзушы “EkinPatrolG2” кешенінің көмегімен анықталды. Оған жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін екі айыппұл салынды. Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған.

Тағы бір өрескел бұзушылық – сақтандыру полисінің болмауы, онсыз көлік құралын пайдалануға тыйым салынады. Полиция қызметкерлері көлікті мамандандырылған тұраққа жіберді.

Алайда жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайтын кезде қарсылық танытты. “Маған мұндай көлік қажет емес” деген сөздермен өз темір тұлпарының әйнегін сындырды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырып жатыр. Автокөлік мамандандырылған тұраққа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру