Жамбылдық полицейлер жастар арасында үстел теннисін ұйымдастырды
Жамбылдық полицейлер жастар арасында үстел теннисін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 желтоқсанда Тараз қаласында «Біз есірткіге қарсымыз. Біз спортты таңдаймыз» ұранымен студенттер мен NEET жастары арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
– Мұндай спорттық жарыстар жастарды дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұдайы өткізіледі. Барлық қатысушылар өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін барынша көрсетті, – деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Ағарыс Әуесхан, екінші орынды Әлішер Жамбылов, үшінші орынды Фархат Рахманберді иеленді. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.