Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының оқушылары Қостанай академиясымен танысты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Аманат және ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің кадр саясаты тобының инспекторы Замира Бостанова Қызылорда қаласындағы бірнеше мектепте болып, 10-11 сынып оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның басты мақсаты – ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.

– Мектеп оқушыларының назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндірді. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес, медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әрқайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады, – деді Мұрат Аманат.

Кездесу соңында оқушыларға Қостанай академиясы жайында шағын бейне ролик көрсетіліп, оқуға шақыру жадынамасы таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру