Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада СПА-салонының қызметшісі клиенттің жеке заттарын ұрлап кетті

Астанада СПА-салонының еден жуушысы клиенттің жеке заттарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зергерлік бұйымдарды ұрлау фактісі бойынша полицияға Бөкейхан көшесі бойындағы елорданың СПА-салондарының бірінің келушісі хабарлады. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысының Ильинка кентінің 31 жастағы тұрғынын анықтады.

Мекеменің қызметкері келушінің алтын зергерлік бұйымдарын шешіп, киімінің қалтасына салғанын көргені анықталды. Кейінірек киімін шешіп, ілгішке іліп қойған. Үй-жайда бөгде адамдар жоқ екенін пайдаланып, әйел клиенттің 600 мың теңгеге жуық алтын бұйымдарын жасырын ұрлап әкеткен.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру