Ақтөбе облысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 5 фактісі анықталды
25 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін Ақтөбе облысының аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – сапасыз және мерзімі өткен пиротехникалық өнімді анықтау. Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындары бойынша рейдтер жүргізетін болады. Бұл алдағы жаңа жылдық мерекелер мен демалыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Өйткені жаңа жылдық мерекелер – азаматтардың пиротехникалық бұйымдарды жаппай пайдаланатын уақыты.
«Пиротехника» ЖПІШ басталғаннан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 5 фактісі анықталды. Соның ішінде сәйкестік сертификаты жоқ 380 пиротехникалық зат тәркіленді.
– Кез келген пиротехника дұрыс қолдануды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететінін есте ұстаған жөн. Әрбір пиротехникалық бұйымда оны қолдануға арналған толық мемлекеттік және орыс тілінде нұсқаулық болуы керек екенін атап өткіміз келеді. Танысу кезінде сақтау мерзіміне назар аудару керек. Егер тауар мерзімі өткен болса, онда оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды, – деп ескертеді Ақтөбе облысын бойынша ПД.