Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер ұсталды

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың 26 желтоқсанында Шу аудандық полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзған Mercedes-Benz автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің жеке басын анықтау кезінде оның 2022 жылдың 2 тамызында Шу аудандық сотымен алты ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сондай-ақ жүргізушінің масаң күйде екені байқалды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оның «жеңіл дәрежедегі» мас күйде болғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, көлік айыптұрағына қойылды. Дәл осындай дерекпен Талас ауданындық полиция қызметкерлерi аудандық сот қаулысымен 7 жыл 6 айға көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады.

Жүргізуші кiнәсын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегi адамның басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру