Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тыныштықты бұзған 77 адам жауапқа тартылды

Павлодарда тыныштықты бұзған 77 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда ағымдағы жылдың бірінші аптасында 77 адам тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Полицияға Қамзин көшесі, 67 үйінің тұрғыны қоңырау шалып, төменгі қабаттағы көршісі түні бойы шу шығарғанын хабарлады. Тәртіп сақшыларына құқық бұзушы достарының қонаққа келгенін және уақыттың қалай өткенін байқамағанын түсіндірді.

Басқа жағдайда, көршілердің тыныштығын Н. Назарбаев даңғылы бойында тұратын павлодарлық бұзды. Оянған көршісі полицияға қоңырау шалғанын айтып, ескерту жасады. Кешірім сұраудың орнына, құқық бұзушы одан да ары ашуланды. Тәртіпке салу үшін ер адам «102» арнасын теріп, полиция шақыруға мәжбүр болды.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Полицейлер жұмыс күндері 22.00-ден 09.00-ге дейін және демалыс күндері 23.00-ден 10.00-ге дейін шу шығаруға тыйым салынатынын еске салады. Сондай-ақ «102» телефон нөмірінен басқа, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша кез келген уақытта «police 102» мобильді қосымшасы арқылы бейнеқоңырау немесе мәтіндік хабарламалар арқылы жүгінуге болатынын еске салды.

Айта кету керек, 2022 жылы Павлодар облысының полицейлері тыныштықты бұзған бес мыңнан астам азаматты жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру