Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заңсыз тасымалдаушы” ЖААІШ: Павлодар облысында 2 мыңнан астам әкімшілік бұзушылықтың жолы кесілді

Павлодар облысында 2 мыңнан астам әкімшілік бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында былтырғы жылғы 27 маусымда Павлодар облысының барлық аумағында басталған “Заңсыз тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

– Профилактикалық іс-шара барысында полицейлер жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Жүргізушілердің көлік құралын басқару құқығына, еңбек және демалыс режимін сақтауға, жүргізушілерді сапар алдындағы медициналық тексеруден өтуіне, сондай-ақ заңсыз жолаушы тасымалдаушыларды, оның ішінде такси қызметін анықтауға тиісті құжаттары барын тексеру. Осы кезеңде полицейлер 2000-нан астам әкімшілік бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, такси мен қоғамдық көліктің 512 жүргізушісі басқару кезінде қауіпсіздік белдігін елемегені үшін, 277 такси жүргізушісі рульде телефонмен сөйлескені үшін, тағы 188 жүргізуші көлік құралын техникалық тексеруден өткізбеген, 54 жүргізуші сақтандыру полюсінсіз жолға шыққаны үшін жауапқа тартылған.

Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, 125 жүргізуші көлік құралын рұқсатсыз қайта жабдықтаған. Автокөлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды. Техникалық жағдайы бұзылған автобустарды пайдалануға шығарғаны үшін 39 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Басқа елде тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, жүктерді тасымалдағаны үшін көліктік бақылау инспекциясына бір материал берілді: жүргізуші ҚР ӘҚБтК 575-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ айыппұл тұрағына 82 көлік құралы қойылды, 9 рұқсаты жоқ автобустар мен таксилердің тұрағы жойылды.

– Ақсу қаласында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, DAIMLER CHRYSLER автобусын басқарған жүргізуші ұсталды. Жоғарыда аталған көліктің жүргізушісі жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысқысы келгені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Осы бапта 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 10 тәулікке қамауға алу көзделеді, – деп нақтылады спикер.

Сондай-ақ рейдтер барысында Павлодар қаласында жаяу жүргіншіні өткізіп алмаған Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Сонымен, көлік құралын тоқтату барысында жүргізуші Indriver қосымшасы арқылы жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқаны белгілі болды.

Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі және 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру