Ақмола облысында бөгет бекетін айналып өткен жүргізуші жол апатына ұшырады
Ақмола облысында бөгет бекетін айналып өткен жүргізуші жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7 қаңтарында сағат 22:56-да Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Астана – Петропавл автожолының 109-шақырымында ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Toyota Estima көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қисық жолақпен соқтығысуға жол берді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама құрылды. Мән-жайларды анықтау барысында облыс орталығының 51 жастағы тұрғыны ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Петропавл автожолының учаскесін жабу кезеңінде елордадан шығу кезінде стационарлық жабылу бекетін айналып өтіп, Көкшетау қаласы бағытында қозғалысын жалғастырғаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.