Ақтөбе облысының полицейлері жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті
Қарғалы ауданының полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған Ащылысай ауылының жолаушысына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 8 қаңтарда Рождество –Донское автожолының 35-шақырымында болды. Полиция қызметкерлері осы аумақты патрульдеу кезінде дөңгелегі жарылған Opel Vectra көлігін байқаған.
– Мұндай ауа райында автокөлігімді жөңдеу оңай болмас еді. Бірақ полиция қызметкерлері ойланбастан келіп, көмек ұсынды, – деді жүргізуші.
Полиция қызметкерлері ер адамға көмектесіп, жарылған дөңгелегін ауыстырған.