Полицей Келес тұрғынының жоғалған асыл тұқымды екі жылқысын тауып берді
Келесте учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған екі бас асыл тұқымды жылқысын тауып, алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес ауданының полициясына жергілікті тұрғын арызданып, тұрғылықты мекенжайынан 100 метр қашықтықта орналасқан егістік алқапта жайылып жүрген екі бас асыл тұқымды жылқысын жоғалтып алғанын жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 2 миллион теңге.
Тұрғынның шағымы бойынша оқиға орнына Келес ауданының учаскелік полиция инспекторы Еркін Ерденбаев шұғыл жетіп, мән-жайды анықтады. Жәбірленушімен бірге жақын аймақтардың барлығын тексеріп, тоғайларда іздестіру шараларын жүргізіп, жедел-әрекет етуі нәтижесінде бір ішінде 2 бас жылқыны іздеп тапты.
Қараусыз жүрген жылқылар Сарыағаш ауданындағы жайылымда жүргені белгілі болды. Жылқыларын жоғалтып алған тұрғын хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге, оның ішінде учаскелік полиция инспекторы Еркін Ерденбаевқа алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.