СҚО-да екі ауыр жүк көлігі омбы қарға батып қалды
СҚО-да екі ауыр жүк көлігі омбы қарға батып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Айыртау ауданында қарлы боран салдарынан екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілері қар құрсауында қалып қойды. Олардың бірі кейінірек полиция департаментіне қоңырау шалып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.
Солтүстікқазақстандық Марат Жамбылов 15 жылға жақын уақыт бойы көлік тізгіндеп келеді. Ол 8 қаңтар күні SHANTUI бульдозері тиелген МАЗ көлігімен жергілікті маңыздағы Елецкое мен Айыртау ауылдары арасындағы автожолда омбы қарда батып қалған. Жүргізуші «102» нөміріне қоңырау шалды. Көмекке келген учаскелік инспектор Шоқан Асқаров пен әкімшілік полиция қызметкері Асқар Мақперов жергілікті «Баянтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүгінді. Оның жетекшісі бірден К-700 тракторын ұсынды.
– Қатты боран көлігімді лезде қармен жаба бастады. Аудандық полиция бөлімінің бастығына және оның қарамағындағы қызметкерлерге жедел көмек көрсеткені үшін алғысымды айтамын. Қызметкерлер бізді қардан шығарып қана қоймай, жақын маңдағы жанармай құю станциясына дейін жеткізді, — дейді Марат Жамбылов.
ВИДЕО МҰНДА
– Бір күн бұрын Лобаново мен Имантау ауылдарының арасында Scania фурасы қалың қарда қалып қойды. Ол жасымық тиеп алып кету үшін Түркия елінен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға келе жатқан. Мұнда учаскелік полицейлер Нұрлыбек Кәріпенов пен Ербол Қасқатаев көмек көрсетті. Ауыр техника мен тросстарды жол қызметі мен «Ключи» ЖШС ұсынды. Қысқы жолдарда жүру кезінде мұқият болу қажет. Ұзақ жолға шықпас бұрын жоспарларыңызды алдын ала қараңыздар, ауа райы болжамдары мен төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларын бақылап отыру керек, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.