Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада түнгі клубта жүрген 16 жастағы жасөспірім анықталды

Астанада түнгі клубта жүрген 16 жастағы жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында елорда аумағында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Тәртіп сақшылары балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу мақсатында үйлердің аулаларын, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырланатын басқа да орындарын тексереді. Жергілікті-рейдтік жұмыстар барысында полицейлер түнгі қалада заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады.

Екі күн ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 36 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру фактісі анықталды.

Мәселен, Есіл ауданының ПБ ювеналды полиция инспекторы Әсемгүл Құдайбергенова 7 қаңтарда сағат 00.10 шамасында Тұран даңғылындағы «Аура Алания» түнгі клубын тексеру кезінде өзінің бос уақытын көңілді өткізген 16 жастағы кәмелетке толмағанның болуы фактісін анықтады.

Жасөспірімнің ата-анасына және ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар мұндай фактілерге жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ рейд барысында тәртіп сақшылары «қолайсыз отбасы» санаты бойынша бір отбасын профилактикалық есепке алд. Екі заңды өкілге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, төрт бала Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Барлығымен әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру