Таласта бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды
Таласта бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2022 жылдың 15 тамызы мен 7 қазаны аралығында Талас ауданы полиция бөліміне осы ауданның тұрғындары арызданып, ортақ таныстарының сенімдеріне кіріп, әртүрлі жағдайларды сылтауратып банктерден және микрокредиттік ұйымдардан олардың атына несие рәсімдетіп, алдап кеткені туралы баяндаған. Күдіктінің алаяқтық жолмен иемденген жалпы қаржы көлемі 2,2 млн теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.
Аудандық полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар 27 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны анықталып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Күдікті Талас аудандық полиция қызметкерлерімен 2022 жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында ұсталынып, қамауға алынды. Кінәсын толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс материалдары ҚР ҚПК-нің 300-бабы талаптарына сәйкес негізділігі бойынша сотқа жолданатын болады.