Ішкі істер министрі АҚШ елшісімен кездесті
Ішкі істер министрі АҚШ елшісімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті.
Кездесуге қатысушылар киберқылмыспен күрес, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің озық тәжірибелерін зерделеуге қатысты екіжақты ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа, тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын нақтылады. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.