Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында ҚР әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті

ІІМ Алматы академиясында Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының бірінші отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырысты өткізу барысында қатысушылар қауымдастық туралы ережені қабылдап, осы ұйымның Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы стандарттарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі білім беру және ғылыми ынтымақтастық салаларындағы оқу орындардың арасындағы байланыстарды дамыту мен үйлестіру жөніндегі жұмысы шеңберінде бірлескен жоспарларды межеледі.

ӘАОО басшыларының бірауыздан шешімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ағымдағы кезеңге Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы ретінде бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру