Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі АҚШ елшісімен кездесті

Ішкі істер министрі АҚШ елшісімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті.

Кездесуге қатысушылар киберқылмыспен күрес, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің озық тәжірибелерін зерделеуге қатысты екіжақты ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын нақтылады. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру