Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері Волгоградтағы әріптестерімен семинар өткізді

ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері Волгоградтағы әріптестерімен семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы жүзеге асыру мақсатында ІІМ Алматы академиясы мен Ресей ІІМ-нің Волгоград академиясы арасында халықаралық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингте Алматы академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы бастығының орынбасары Біржан Жантуаров кадр даярлау және педагогикалық іскерлік бойынша тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабағын өткізді.

Ресей ІІМ Волгоград академиясының профессорлық-оқытушы құрамы үшін ұйымдастырылған шеберлік сабағында “Интеллект-карт технологияларын қолдану” және “Оқытудың коммуникативті әдісі” тақырыбы талқыланды.

Тренингке қызығушылық танытқан Ресей ІІМ Волгоград академиясының оқытушылары мен спикер оқыту барысында интеллектуальды картаны қолдану мүмкіндіктері, тыңдаушылардың ассоциациялық ойлау қабылетін дамыту және тұлғааралық байланыс орнату мүмкіндіктері туралы пікір алысты.

Шеберлік сабағы Ресей ІІМ Волгоград академиясының оқытушыларына заманауи оқыту технологиялары мен сабақ өткізу әдістерімен танысуға тамаша мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру