Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта көпқабатты үйден кабель ұрламақ болған ер адам ұсталды

Балқашта көпқабатты үйден кабель ұрламақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шара жүргізді. Шамамен сағат 09.00-де полицейлер белгісіз біреудің Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты үйдің шатырында жүргені, ол жерде бірнеше айла жасап жатқаны туралы ақпарат алды.

Көрсетілген жерде телекоммуникацияның 80 метрлік кабелін кесіп үлгеріп, оны алып кетпек болған 31 жастағы ер адам ұсталды. Нәтижесінде қаскүнем әрекетінің салдарынан үй тұрғындары байланыссыз және кабельдік теледидарсыз қалды. Ол кабельді металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыруды көздеп отырғанын түсіндірді. Келтірілген шығын көлемі 56 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлық жасауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру