Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғындары «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты

СҚО тұрғындары «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Іс-шараға Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, әйелдер күштері Альянсы, «Аналар үйі» сияқты үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері де қатысты. Жақында олар полицейлермен бірлесіп кезекті рейдке шығып, тұрмысы қолайсыз отбасыларға барды. Бұндай бірлескен іс-шаралар өткен жылдың соңында жасасқан меморандум шеңберінде өткізіліп жатыр.

Мекенжайлардың бірінде ата-ана құқығынан айырылғалы жатқан әйел тұрады. Тексеру тобы барғанда ол үйінде болмай шықты. Спирттік ішімдіктерді ішуді жалғастырған. Сондықтан оның екі баласын балалар үйіне өткізбес үшін әжелері оларды үйлеріне алып кеткен. Қоғам өкілдері де оларға ат басын бұрды. Үй ішіндегі жағдай қиын, баспана өрттен кейін қалпына келтірілген. Қиындықтарға қарамастан, жұмыс істейтін әжелері балалар дұрыс тәрбиеленуі үшін қажетті жағдай жасап жатыр. Ал басқа үйде бес баласы бар жесір әйел тұрады. Баспана іші күнкөріс үшін қиын болғанымен, әйел ұнжырғасын түсірмейді. Әр жағдайды қоғам өкілдері назарға алып, жәрдемақылар тағайындау, балаларды үйірмелер мен секцияларға орналастыру сұрақтарын қарастырып, әлеуметтік қолдау көрсетпек ниетте.

– Қоғамдық ұйымдардың жәрдемдесуі тәртіп сақшылары үшін өте маңызды. Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әрекеттерінің алдын алып, салдарын жоюмен айналысады, ата-аналық міндеттерін орындамайтын тұлғалармен жұмыс істейді. Отбасындағы ауа райының, жалпы ахуалдың жақсаруына қоғамдық ұйымдар да әсер етуі мүмкін. Өткен жылы тұрмыстық қылмыстардың 7%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Жұртшылық өкілдерінің қатысуы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жалпы жағдайды жақсартуға оң әсер етпек, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

СҚО полицейлері жалпы іс-шара барысында 3 мыңнан астам проблемалы отбасыға барып қайтты. Оның барысында түрлі 302 бұзушылық анықталды, оның 51-і отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында. Ең жиі жасалатын құқық бұзушылықтар – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішіп, мас күйде жүру. Мұндай 169 факті тіркелді. Іс-шара барысында 81 қорғау нұсқамасы шығарылып, тәртіп бұзушылардың мінез-құлқына 27 ерекше талап белгіленді. Бұдан бөлек, тұрмысы қолайсыз 16 отбасы есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру