Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бір топ жігіт сынып тұрған көлікті ұрлап, бөлшектерге сатып жіберген

Елордада бір топ жігіт сынып тұрған көлікті ұрлап, бөлшектерге сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана тұрғыны түнде оның көлігін үйдің ауласынан айдап әкеткені туралы айтып, “102” арнасына жүгінген.

Есіл ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ВАЗ-21140 автокөлігін айдап әкеткен қаланың үш тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, 19, 20 және 24 жастағы жас жігіттер Омаров көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында сынып тұрған көлікті байқаған. Бір ай бойы олар оны мезгіл-мезгілімен қадағалап жүрген.

Сонымен, түнде қаскүнемдер жақын маңда бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, өздерінің көліктерімен машинаны тұрақтан сүйреп алып шыққан. Ұрланған көлікті қаладан шығарып алған соң, сату мақсатында көлікті бөлшектерге бөліп алған.

Айдап әкетілген автокөлікті іздеуге Полиция басқармасының жеке құрамы бағытталды. Жедел уәкілдер көлікті Ақмола облысы Астраханка кентінің ауданынан анықтаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіттер мойындау көрсетпелерін берді, көлік тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру