Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қар тазалап жүрген тракторшы бағдаршамды құлатты

Павлодарда қар тазалап жүрген тракторшы бағдаршамды құлатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтар күні сағат 16.30-да Павлодар қаласы Лермонтов-Ақ.Бектұров көшелерінің қиылысында қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан Беларусь тракторының жүргізушісі артқа жүргенде бағдаршам сымын шөмішпен қағып кетіп, бағдаршамды құлатқан. Салдарынан жолда кептеліс және жол-көлік оқиғалары қаупі туындады.

– Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру