Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты әженің ауласын қардан тазартты

Түркістан облысының полицейлері қарт әжейдің ауласын қардан тазартып, отын-суын даярлап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы аптада Түркістан облысында күн суытып, қар қалың түсті. Ал полицейлер тәулік бойы күшейтілген режимде қызметте болды. Қарға батқан, жол жиегіне шығып кеткен жүргізушілерге көмектесіп, үйлеріне аман-есен жетуіне ықпал етті. 

Одан бөлек Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, ауа райының қолайсыздығына байланысты ауласын қар басып қалған жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткер әже Нағима Бибосынқызының үйіне барып, қолғабыс етті. Яғни, оның ауласындағы қарын күреп, отындарын жарып, жинап беріп, ақ жаулықты әженің алғысын алды.

– Балаларым, сендерге Алла разы болсын! Еткен еңбектеріңе рақмет, үлкенге көрсетіп жатқан ізеттеріңе ризамын. Қиын жұмыстарыңа сәттілік тілеймін! Еліміз аман болсын, сендердей ер азаматтарымыз аман болсын, – деп әжей ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру