Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер ірі ұрлық қылмысының бетін ашты

Жамбылдық полицейлер ірі ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтарда полицияға Шу ауданының 31 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі кірпіш цехына белгісіз адамдар жасырын түрде кіріп, кірпіш құятын 20 қалыпты, 2 моторды, 80 кірпіш шаршысын ұрлап кеткендігі туралы шағымданды. Келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден астам қаражатты құрайды.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданының полиция қызметкерлерімен 42 және 20 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар үшінші адам іздестіріліп жатыр. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктілердің ұрланған заттарды бірден металл сынықтарын қабылдау пунктіне 50 мың теңгеге өткізгені анықталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру