Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД өткен жылдың қорытындысын шығарды
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаменті 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департаментте өткен жылдың жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы шығарылған отырыс өтті.
ҚАЖД бастығы Игілік Хасеновтың басшылығымен өткен қорытынды жедел-қызметтік кеңеске департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация қызметтерін басқару бөлімінің бастығы және «Еңбек-Жауғашты» РМКФ директоры қатысты.
Қызметтердің, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробацияның негізгі көрсеткіштері айтылды.
Сондай-ақ кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары мен мекеме бастықтары тыңдалды.
Қызметтің барлық бағыттары бойынша бар проблемалық мәселелер қаралып, жұмысты жетілдіруге бағытталған шешімдер кешені әзірленді және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.