Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚАЖД мамандары Нұр-Мүбарак университетін бітіретін түлектермен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының ҚАЖД мамандары Нұр-Мүбарак университетін бітіруші түлектермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудегі мақсат – қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде теолог мамандардың жетіспеушілігіне байланысты, аталған университетті бітіруші исламтанушыларды жұмысқа шақыру.

Өйткені дін мамандары мен теологтардың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың діни сауаттылығын арттырып, қоғамға пайдалы адам ретінде тәрбиелеуге тигізетін ықпалы ерекше.

ҚАЖД мамандары университет түлектеріне қылмыстық-атқару саласында қызмет атқарудың артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда қызмет өткеру уақытында 1 ай қызметі 1,5 ай болып есептелетінін, тұрғын үйді жалға алу үшін қосымша өтемақы төленетінін, жыл сайын ақылы демалыс беріліп, материалдық көмек көрсетілетіні және медициналық қызметтің тегін екені жайлы кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында студенттер өз тараптарынан сауалдар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар бұл кездесу университет түлектері үшін де қоғамнан өз орнын табудың зор мүмкіндік екені сөзсіз.

ҚАЖД мамандары унмверситет түлектеріне арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру