Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны ұрлық қылмысын ашқан полицейге алғыс білдірді

Астана тұрғыны ұрлық қылмысын ашқан полицейге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Күндізгі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі BURGER KING мейрамханасынан тапсырыс алу үшін Yandex қосымшасынан курьер келген. Күту кезінде ол үстелде жатқан ұялы телефонды байқайды. Белгілі болғандай, Samsung A3 маркалы телефон залды жинап жүрген тазалаушыға тиесілі болған. Содан кейін курьер телефонды білдіртпей қалтасына салып, мейрамханадан шығып кеткен, кейін өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

Жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің әкімшілігі Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Дастан Мусинге алғысын білдірді. Қызметкердің кәсіби іс-әрекетінің арқасында ұрлық уақытылы анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкері 33 жастағы астаналық азаматты анықтады. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Конституциялық құқықтарды қорғау, азаматтардың өтініштеріне уақытылы ден қою, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру